$494.87 €520.65 ₽4.91
×

2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет

01.09.2023ж. 20:00
1067
2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет

Еліміздегі автожолдардың сапасы сын көтермейді. Жемқорлық белең алған, бәсекесі бәсең қалған салаға бақылауды күшейту керек. Мемлекет басшысы бүгінгі жолдауында жол түйткілін көтеріп, инфрақұрылымды дамытуды тапсырды.

Тоғыз жолдың торабындағы Тобыл өңіріндегі автомобиль жолдарының отыз процентке жуығы сорапқа айналған.Әсіресе шалғайдағы ауылдарға апаратын сар жол шұрық-тесік. Қаланың қара жолы да қалың көпшіліктің көңілін көншітпей отыр.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Жай үстін жаба салады.Ол бір жылға да шыдамайды.Келесі жылы оған тағы жөндеу керек.Жол салғаннан кейні сапасына қарап, жақсы салу керек деп ойлаймын.
- Қостанай-Торғай-Амангелді тас жолы жыл сайын жөндеу жасалып жатыр.Биылдың өзінде Арқалық-Державин тас жолдары жөнделіп жатыр.Әлі де болса мемлекет тарапынан қолдау керек.Сапасы жағынан сын көтермей жатыр.
- Астанадан-Қостанайға дейін жақсы жасалған. Алматы мен Астананың ортасы өте нашар.Қарағанды мен Астанаға дейін жақсы.

Ескіні айтпағанның өзінде, жаңа жолдардың сапасы сын көтермейді. Ұлттық орталық өкілдері 168 нысанның басына барып, сынама алған көрінеді.Салынған жолдарың 40 процентінен кемшілік анықталыпты. Ал орташа жөндеу жүргізілген жолдардың тоқсан проценті сапасыз.

Рафис ЗИНЕТОВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

Прокуратурамен жұмыс істеп жатырмыз.Антикормен шығамыз.ГАСК-пен бірге. Біз ексерту береміз.Бірақ технадзор жұмыс істемейді.

Қостанай облысындағы тарам-тарам жолдарды тақтайдай тегістеуге бюджеттен 41,3 миллиард теңге бөлінген. Қомақты қаражатқа 528 шақырым тас жолды жөндеу жоспарланып отыр.

Айдар ТҰРЫМОВ,ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 87 проценті қанағаттанаррлық жағдайда. Былтыр бұл көрсеткіш 58 процент болған.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер. Сондықтан жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдау қажет. Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек.

Тобыл өңіріндегі автомобиль жолдарының ұзындығы 9 мың шақырымнан асады. Оның 1534 километрі – республикалық, 2 206-сы облыстық, 5 317 шақырымы аудандық маңызы бар жол.