Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек,-деді Мемлекет басшысы. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында да
нақты айтқан болатын. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азамат, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ деп тағы нақтылады Қасым-Жомарт Тоқаев. Зиялы қауым өкілдері де мұны толықтай қолдайды.
Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АҚЫН:
Абайдың “Толық адам” ілімін мына біздің моральдік кодексімізге, ұлттық идеологиямызға айналу керектігі бұрыннан да өзінің сөздерінде айтылып жүрген. Бүгін соны нақтылап отыр. Өзінің жеке басын ойлаған адам Отанын ойламайтын күйге жетіп жатырмыз. Сондықтан Отаншылық сезімді дамыту керек, адалдықты, әділдікті, адамгершілікті, мейірімділікті біздің ұрпақтың бойына еге білуіміз керек.
Рахман АЛШАНОВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жалпы жолдаудың ерекшелігі-нақтылықта. Жалпылама сөз жоқ, әр сала бойынша нақты тапысырма берілді, айтылды. Үлкен зерттеу жұмысы көрініп тұрды. Су проблемасы, энергетика, жол проблемасы дегендей маңызды, күретамыр экономиканың салалары айтылды, белгіленді, дәлелденді.