Жаңадан құрылған ҚР Көлік министрлігін Марат Қарабаев басқарады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Марат Қарабаев 2023 жылғы қаңтардан қазірге дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарған болатын.