Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Шымкентте көпбалалы анаға сіңлісі донор болып, бір бүйрегін берді Тағы да оқыңыздар

AstanaTV
03.09.2023ж. 12:21
555
Шымкентте көпбалалы анаға сіңлісі донор болып, бір бүйрегін берді Тағы да оқыңыздар

Шымкент тұрғыны өзінің туған әпкесіне донор болып, бір бүйрегін берді. Бүйрек трансплантациялау отасы 1 қалалық клиникалық ауруханасында жасалды. Көпбалалы анаға донор болған сіңлісі бүгін ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкент қаласының 37 жастағы тұрғыны алты жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен ауырады. Науқас бүгінге дейін аппаратпен өмір сүріп келген. Аты-жөнін жария еткісі келмеген сіңлісі әпкесінің дертіне дауа болуды ғана ойлағанын айтады.

"Әпкемнің аппаратқа тәуелді болмай, құлан таза айығып кетуін тілеймін. Отадан кейінгі жағдайым жақсы. Дәрігерлерге алғыс айтамын", - дейді 33 жастағы донор.

Бүйрек ауыстыру операциясы Шымкенттегі 1 клиникалық қалалық ауруханасында жасалған. Төрт баланың анасы ағза ауыстыру отасынан соң гемодиализге тәуелдіділіктен құтылғанына қуанады.

"Отаны тамыздың 25-де жасады. Өзімнің туған сіңлім донор болды. Бүгін ауруханадан шықты. Қуанып тұрмын. Бауырыма да, ақ халаттыларға да алғысымды білдіремін! Аппаратсыз өмір сүрген қандай керемет", - дейді ол.

Күрделі операцияны білікті хирург Рақымжан Жолдасбеков жасаған. Мамандар бүйрегін ауыстырған көп балалы ана тағы да бір апта дәрігерлердің бақылауында болады дейді. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков науқастың отадан кейінгі қал-жағдайын білу үшін арнайы ауруханаға келді.