Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

10 мың вольт ток соққан ер адам өлімнен аман қалды

AstanaTV
03.09.2023ж. 14:37
805
10 мың вольт ток соққан ер адам өлімнен аман қалды

Ресейдің Калининград облысының тұрғыны өндірістегі электр желісімен жұмыс кезінде 10 мың вольттық ток соғып "өлі цикл" деп аталатын электр жарақатын алды. Қалалық клиникалық аурухананың күйік бөлімінің меңгерушісі Екатерина Минаеваның айтуынша, бұндай жарақат алған адамдардың тірі қалуы екі талай екенін айтты. Алайда жергілікті дәрігерлер токқа соғылған ер адамды бірнеше ай бойы емдеп, аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

Оқиға 6 сәуірде болды. Зардап шеккен ер азаматқа шамамен 30 литр қан компоненттерін құю қажет болыпты. Тексеру барысында электр тогының ер адамның жүрегіне, бүйрегіне, өкпесіне, бауырына әсер еткенін, сондай-ақ бастың, бет қаңқасының, екі аяқтың электр күйіктері шалғанын көрсетті. Комбустиологиялық, реаниматологиялық, трунсфузиологиялық үш бригада науқасты аман алып қалу алғашында мүмкін емес деп ойлады. 

Дәрігерлер науқасты жасанды комаға енгізіп, желдеткіштің астында 40 күн жатқызды. Ер адамға бас-аяғы 15 ота жасалып, әр түрлі мамандықтағы дәрігерлердің 480-нен асы тексеруі жүргізілді. Сонымен қатар шамамен 30 литр қан компоненттері құйылған. Дәрігерлердің ерен еңбегінің арқасында науқастың беті бері қарап, шілде айының соңына таман үйіне жіберілген. Олар токқа түскен ер адамның өміріне ешқандай қауіп жоқ дейді. 

"Оның миы зардап шекпегені таңқаларлық дүние. Оны ток ұрған кезде оның миының зақымдалмағаны ерекше құбылыс деуге болады. Науқас 40 күн жан сақтау бөлімінде жатып, оянғаннан кейін бірден сөйлеп кетті. Біз оның аман қалғанына қуаныштымыз", - дейді Екатерина Минаева.

Қазір ер адам орталық ауруханада оңалтудан өтіп жатыр. Балдақпен тұрып, өзі қозғала алатын деңгейге жетті. Ол қалпына келтірудің ұзақ кезеңінде. Алдағы уақытта федералды хирургия орталығының мамандары пластикалық операциялар жасамақ.