Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

25 жастағы қыз бұрыш иіскеп, комаға түсті

AstanaTV
03.09.2023ж. 16:28
610
25 жастағы қыз бұрыш иіскеп, комаға түсті

Бразилияда қыз бұрыш иіскеп, комаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

25 жастағы Таис Медейрос ақпанда ауруханаға түскен. Бұған дейін ол жігітімен кешкі ас әзірлеп жатқан, өйткені оның туыстары қонаққа келмек болған. Тағамдардың біріне ешкі деп аталатын маринадталған ащы бұрыш қосу керек еді. Қыз оны иіскеген. Нәтижесінде денсаулығының нашарлауына байланысты ол ауруханаға жатқызылды.

Дәрігерлер Медейросқа миының ісінуі деген диагноз қойып, оған жедел аллергиялық реакция себеп болған деген қорытындыға келген. Бразилиялықтың жағдайы ауыр болғаны сонша, ол бірнеше күн комаға түсіп қалған. Қыз жазға дейін емделіп, 31 шілдеде толық айығып шыққан. Алайда бірнеше күннен кейін Медейростың қызуы көтеріліп, зәрінде қан пайда болды. Қыз қайтадан ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер қызды 10 тамыз үйіне шығарғысы келгенде, сол күні ол бронхоспазммен ауырған.

Енді дәрігерлер Медейростың үйіне қашан бара алатынын айта алмайды. Қыз өз бетінше сөйлей алмайды және қозғала алмайды.