$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Продюсер Тимур Балымбетовтің екінші ұлы дүниеге келді

AstanaTV
04.09.2023ж. 09:42
988
Продюсер Тимур Балымбетовтің екінші ұлы дүниеге келді

Продюсер, тележүргізуші Тимур Балымбетов екінші рет ұлды болды. Ол туған күнінде ұлды болғанын Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кеше тележүргізушінің туған күні болған. Ал бүгін жұбайы екінші нәрестені өмірге әкелді.

"Қош келдің, ұлым! Маған Құдайдан және анаңнан ең үлкен сый болып, туған күнімде дүниеге келуді таңдаған екенсің. Мен және ағаң сені шексіз жақсы көреміз, ұлым", - деп жазды Балымбетов.

Ал желі қолданушылары тележүргізушінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді. "Бауы берік болсын", "Құттықтаймын", "Қуанышыңызға ортақпыз", "Анасына және сәбиге мықты денсаулық тілейміз", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Тимур Балымбетов пен жұбайы Лаура 2020 жылы шаңырақ көтерді.