Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы қызметінен кетті

AstanaTV
04.09.2023ж. 10:48
579
Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы қызметінен кетті

2023 жылғы 4 қыркүйек күні Ғалымжан Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ғалымжан Пірматов 1972 жылы 24 сәуірде дүниеге келген.

Новосібір мемлекеттік университетін (1993), Қазақстан экономика және болжау менеджменті институтын (1995), Atkinson Graduate School of Management, Willamette University (MBA бағдарламасы бойынша) (АҚШ, 2001), көшбасшылықты жетілдіру бағдарламасы бойынша INSEAD бизнес-мектебін, LEAP (2015) бітірген.

1994-2005 жылдары Қазақстан компанияларында және шетелдік компанияларда (АҚШ, Украина) басшылық лауазымдарды, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ жобалық қаржыландыру басқармасының бастығы, басқарушы директор – инвестициялық банкинг департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, "Cameco Kazakhstan" компаниясының президенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы қызметіне 2022 жылы 3 ақпанда тағайындалған еді.