Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

AstanaTV
04.09.2023ж. 11:58
450
Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айдарбек Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысында совхоз бухгалтері болып тастаған.

Кейін Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры. "Ноғайбай" ЖШС бас директоры, "Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары, "Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы қызметтерін атқарған.

2006 - 2008 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі, кейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде бірінші вице-министер болған.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып келді.