Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қар жауып, күн суытады: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

AstanaTV
04.09.2023ж. 14:22
2663
Қар жауып, күн суытады: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер 5-7 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауып, салқын ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Елдің солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысындағы кейбір жерге қатты жаңбыр жауады. 5 қыркүйекте Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен ылғалды қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

"Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжануда. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнгі уақытта 2-10°C күтіледі. Күндіз 10-20°C шамасында ауа температурасы көтеріледі", - делінген хабарламада.