Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жеңіс Қасымбекке де жаңа қызмет бұйырды

AstanaTV
04.09.2023ж. 15:23
819
Жеңіс Қасымбекке де жаңа қызмет бұйырды

Жеңіс Қасымбек жаңа қызметке ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметов айтты:

"Бүгін Астана жеңіл атлетика федерациясының кезекті сайланбалы Конференциясы өтті. Конференция мүшелерінің шешімімен Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек федерация президенті болып сайланды. Отырыс барысында қалада жеңіл атлетиканы дамыту, бапкерлердің біліктілігін арттыру және спортшылардың деңгейін көтеру сынды маңызды мәселелер талқыланды".

Отырысқа Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов пен қалалық жеңіл атлетика конференциясының мүшелері қатысты.