$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қанат Бозымбаев ҚР Президентінің кеңесшісі болды

04.09.2023ж. 20:00
958
Қанат Бозымбаев ҚР Президентінің кеңесшісі болды
Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі болды. Қанат Бозымбаев бұған дейін түрлі лауазымдық қызметтер атқарған. Ал 2021-22 жылдары Алматы облысының әкімі болды.
 Сондай-ақ, Президент Жарлығымен жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрі болып Нұржан Нұржігітов тағайындалды. Нұржан Молдиярұлы 2022 жылғы 7 сәуірден бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды.
 Ауыл шаруашылығы министрлігіне де жаңа басшы келді. Бұл қызметті енді Айдарбек Сапаров атқарады. Ол бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.
 Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды. Қанат Бисимбайұлы осыған дейін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Қанат Бозымбаев

ҚР Президентінің кеңесшісі

 Нұржан Нұржігітов

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

 Айдарбек Сапаров

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

Қанат Шарлапаев

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі