Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Өндірісі өркендеген елге айналуымыз керек", - депутат

04.09.2023ж. 20:00
669
"Өндірісі өркендеген елге айналуымыз керек", - депутат

Өндірісі өркендеген елге айналуымыз керек. Президент отандық өнім өндірушілердің мүддесін қорғауды тапсырды. Жолдау жүктеген міндеттер жаңа бастамаларды жүзеге асыруға жол ашады дейді депутаттар.

Елімізде өндіріс саласы кенжелеп тұр. Сондықтан Президент мәселені дер кезінде көтеріп отыр дейді, - депутат Мақсат Толықбай. Жауапкершілік енді ведомостваға жүктеледі.

Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өндіріс деген сөзді бірнеше рет қайталап айтты. Бірдеңе өндіретін елге айналуымыз керек. Кезінде қаншама зауыттар салынды. Бір жылы сол қайтадан жабылып жатты. Біз ұшақ шығаратын зауыт та салдық қой. Бір ұшақ шығармай жабылды. +Көптеген тапсырмалар жүктелді. Халыққа қажетті зауыттар керек.

Өндіріс өркендегенде ғана инфляция тежеліп, баға тұрақталады. Президент Жолдауының негізгі басымдығы да осында.

Асхат АЙМАҒАНБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ең бастысы бүгінгі күні жалпы халықтың табысын арттыру керек. Екіншіден инфляцияны тоқтату керек, азайту керек. Сондықтан менің менің үмітім Президент бұл мәселе бойынша тиісті Үкіметке тапсырма берді. Осы инфляцияны төмендету және де халықтың табысын көтеру.

Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Атом электр станциясының мәселесі. Былтыр айтылғаннан бері білесіз, қоғам тарапынан көптеген сын болды. Бірі дұрыс деді, бірі бұрыс деді. Бірақ енді билік тарапынан айтылған ұсынысты дұрыс деген азаматтарға бұқараның сенімі азайып кеткенін білеміз. Осы тұрғыда Президент не деді? Біз жалпы ұлттық референдум өткіземіз деді. Біз енді естуші мемлекет дедік. Естуші мемлекеттің іс жүзінде жүзеге асып жатқанының тағы бір көрінісі десек болады. Халық қалай ма, салынады. Қаламай ма, жоқ тоқтатылады.

Ал, монополияға байланысты заңға өзгеріс енгізу сыбайлас жемқорлықтың алдын-алады дейді,-саясаттанушы Талғат Қалиев.

Талғат ҚАЛИЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Монополияға күрес агенттігін, оны одан сайын күшейту. Өйткені қазір сотқа береді, көріп жүрміз өзіміз. Өткенде Флей арстан бар, ейр астана дедік. Соларды сотқа береді. Ал оған бағада түспейді, ешқандай шешім түбінде оған ешқандай нәтиже бермей жатыр. Монополиямен күресу деген ол корупциямен күресудің бір жолы.

Экономист Гүлшат Мұсаев болса, кезекті Жолдау еліміздің экономикалық бағдарын айқындап берді дейді.

Гүлшат МҰСАЕВА, ЭКОНОМИСТ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Стратегиялық міндеттер қоюмен қатар, нағыз шынайы шешілетін мақсаттар мен орта мерзімде жүзеге асырылатын, яғни 3 жылдық мерзімде жүзеге асырылатын міндеттерді нақты айтты. Және ол қарапайым халыққа түсінікті тілмен, өте әрбір жүрекке жететіндей жолдау болды деп ойлаймын. Соның ішінде ең бастысы біздің елімізде білесіздер қазір саяси реформалар өте кеңінен жүргізілді. Енді ол кісінің айтқан бірінші мәселесі, осы саяси реформалармен шектеліп қалмастан, әлеуметтік экономикалық реформаларды қатар дамыту жағын айтты.

Кез-келген мемлекетте экономкалық даму маңызды фактор болып табылады. Сондықтан Президенттің кезекті Жолдауы еліміздің өркендеуі үшін маңызды қадам болып табылады.

https://youtu.be/q0zcJ4nGIE8