Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Елдегі маңызды мәселелерді шешуге барлығымыз атсалысуымыз керек",-тұрғын

04.09.2023ж. 20:00
619
"Елдегі маңызды мәселелерді шешуге барлығымыз атсалысуымыз керек",-тұрғын

Елдегі маңызды мәселелерді шешуге барлығымыз атсалысу керекпіз. Ел тұрғындары осылай дейді. Президент Жолдауында атап көрсетілген басымдықтар жарқын болашаққа жетелейді дейді.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Қазір жалақының аздығынан, мардымсыздығынан кейбір қызметкерлер бір емес, екі-үш жерде жұмыс жасап жүр. Сонымен қатар ол денсаулығына да зиян бір жағынан. Сондықтан да мына қазір қымбатшылық қысқан заманда жалпы халықтың тұрмыс-тіршілігін әлеуетін көтеру мақсатында өте бір дұрыс қабылданған шешім деп ойлаймын.
- Бүгінде елімізде ең төменгі жалақыны алатын адамдар - олар дипломы жоқ, белгілі бір мамандығы жоқ адамдар. Сондықтан да олар күзетші одан да бөлек ауыр жұмыстарды жасауға мәжбүр. Енді жалақы өсетін болса, ол кісілердің тұрмысы түзелері анық. Сондықтан да осындай қымбатшылық кезде осындай бастама дәл қабылданған шешім деп ойлаймын.
- Ауыл адамдары қалаға келіп жұмыс жасап жатыр. Сондықтан да ауылды дамытуға үлкен жұмыс жасаса біздің халықтың жұмыссыздығы азаяды деп ойлаймын.
- Үй кезегіне тұруды қайтадан жоспарлау керек. Өйткені қаншама үйлер салынып жатыр оның бәрі дұрыс тәртібімен беріліп жатқан жоқ. Өйткені келіп жатқан адамнан салынып жатқан үйдің көлемі де өте көп былай қарағанда.
- Жолдауды көрдім туризмді дамыту керек оған толықтай келісемін. Өйткені шет елге барып демалғаннан гөрі табиғаты мысалға каньон десе Қазақстанда да каньон бар. Су, көл тау, орман Қазақстанда мысалға Алматы, Астанада Бурабайымы бар. Көлсай мен Шарынымыз бар Алматыда өзіміздің елуімізді дамыту керек.
- Қарағанды облысында су тапшылығы мәселесі бар. Ауылдарда әсіресе. Осы мәселені көтерді. Қарағанды облысындағы су тапшылығы мәселесі шешіле ме,- деп ойлаймын.