Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

1 миллионға жуық адам несиесінің төлем уақытын 3 ай өткізіп алған

04.09.2023ж. 20:00
701
1 миллионға жуық адам несиесінің төлем уақытын 3 ай өткізіп алған

Елімізде 1 миллионға жуық адам несиесінің төлем уақытын 3 ай өткізіп алған. Тіпті студенттердің 80 процентінің банктерге берешегі бар. Қаржылық сауаттылықтың жоқтығынан отандастарымыз үсті-үстіне несие алып, қарызды қарызбен жауып жүр. Мәселені шешу үшін "AMANAT" партиясы "Қарызсыз қоғам" жобасын жүзеге асыруда. Мамыр айынан бері 8 өңірде 39 мыңға жуық адам қаржысын жүйелі жұмсауды үйренді. Партиялықтар алдағы уақытта білім беру аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Айына төлейтін кредиттің деңгейін түсіріп, мерзімін ұзартып нақты көмек көрсетіп жатырмыз. Енді жобамыз келесі жылы барлық 20 регионда іске асатын болады. Осы мәселені болдырмау үшін мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындарында да осы білімді, осы тәлімді беру керек деп шешіп отырмыз.

Ал "Ауыл Аманаты" жобасы аясында 5300-ге жуық адам жеңілдетілген несие алды. Нәтижесінде 4 жарым мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Бағдарлама барысында ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға 1 трлн теңге бөлінген. Бұл қаржыға 350 мың жұмыс орны ашылады.