Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Түркияда жол апатынан көз жұмған қазақстандық әйел бүгін елге оралуы керек болған

04.09.2023ж. 20:00
778
Түркияда жол апатынан көз жұмған қазақстандық әйел бүгін елге оралуы керек болған

Түркияда қазақстандық әйел мен оның екі жасар баласы жол апатынан қаза тапты. Оқиға Газипаша-Анталия тас жолында болған. Түркия азаматы жүргізіп отырған сафари көлігі бір бағытта келе жатқан көлікке соқтығысқан. Салдарынан Қазақстан азаматы Арайлым Нұғманова сол жерде, оның екі жасар қызы ауруханада көз жұмды. Ал марқұмның күйеуі мен 2014 жылы туған ұлы қазір ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. Жалпы жол апатынан 17 адамның жарақат алғаны белгілі болды. Оның екеуі Қазақстан азаматы.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған отбасыға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі. Бұл отбасы Түркияда туристер ретінде болды және бүгін елге оралуы керек еді.