Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елордада 14-қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингі өтті

04.09.2023ж. 20:00
546
Елордада 14-қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингі өтті

Елордада қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингі өтті. Іріктеуге 300--ге жуық адам қатысты. Кастинг екі кезеңнен тұрды. Яғни, хореографиялық және ұйымдастырушылармен әңгімелесу. Осыдан өткен 30 үміткер дебютант атанды. Енді үш ай бойы олар әр түрлі кәсіби бал билерін үйренеді. XIV Қысқы қайырымдылық балы Астанада 8 желтоқсанда өтеді. Іс-шараны ұйымдастыруға "Болашақ" корпоративтік қоры және демеуші компаниялар мұрындық болып отыр. Түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі жандар мен жағдайы нашар отбасыларға жұмсалады.

Динара ГАПЛАН, «БОЛАШАҚ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Жыл сайын қатысушылар әртүрлі би түрлерін орындайды. Америкалық джайф, ча-ча, латын билері, аргентин билері, әрине, классикалық вальс, қазақша вальс. Былтыр бірінші рет би қойылымында үнді биі болды. Өте көңілді, жарқын би түрі. Біз бұл игі іс арқылы көмекке мұқтаж жанға көмек көрсетеміз. Сондай-ақ тұңғыш мінез-құлық талдаушыларын оқыттық, бүгінгі таңда енді олар ерекше балалармен жұмыс істейтін жүздеген педагог пен мамандарды оқытып жатыр.

Гүлнұр МАҚСҰТЖАНОВА, ҚАТЫСУШЫ:

Инстаграм желісінен көріп қалдым осы қысқы бал болатының және де бірінші жыл емес екен. Қызықтым. Қызық болды қарай бастадым ақпараттарды. Сол әлеуметтік желілерден қарап кастингке анкета толтыру арқылы кастингке келдім. Дайындық өте күшті болды. Бірнеше түрлі билерді биледік. Қарады кастинг аяқталды. Іріктеуден өттім. Өте қуаныштымын. Тағы да іріктеу болады, екінші тур.