Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Үндістанда найзағай соғып, 12 адам қаза тапты

AstanaTV
04.09.2023ж. 22:17
619
Үндістанда найзағай соғып, 12 адам қаза тапты

Үндістанның шығысындағы Одиша штатында ауа райының қолайсыздығынан найзағай түсіп, кем дегенде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

The Times of India хабарлауынша, сондай-ақ 14 адам жарақат алды.

Адамдар өлімі 2 қыркүйекте болған. Сол күні штатта екі сағат ішінде кем дегенде 61 мың рет найзағай ойнап, күн күркіреген.

Үндістанның метеорологиялық департаменті бұған дейін Бенгал шығанағындағы циклондар салдарынан алдағы екі күнде елдің шығысында ауа райы нашарлап, қатты жаңбыр болатынын ескерткен.