Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ертең «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесі басталады

AstanaTV
04.09.2023ж. 16:59
579
Ертең «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесі басталады

Елімізді биыл екінші мәрте «Ұлы дала жорығы» республикалық марафоны басталады.   

Жарыстың салтанатты ашылуы 5 қыркүйекте елорданың «Қазанат» ипподромында Мәдениет және спорт министрлігі мен «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өтеді. 

Дүбірлі шараға еліміздің әр өңірінен жиналған 20 команда бойынша 100 шабандоз қатысады.

Марафон 6 қыркүйекте Ақмола облысының Қаражар ауылында басталып, 14 күнге созылады.

Қатысушылар 1300 шақырым қашықтықты бағындыруы тиіс. 12 аудан мен 52 елдімекен аумағынан басып өтеді.

Марафонға халықаралық судьялар мен жоғары білікті ветеринарлар шақырылған.