Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Мемлекеттік сатып алу" Заңының шикілігінен биыл 80-нен астам мектеп бала қабылдауға дайын болмады

AstanaTV
04.09.2023ж. 17:23
466
"Мемлекеттік сатып алу" Заңының шикілігінен биыл 80-нен астам мектеп бала қабылдауға дайын болмады

ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы, «AMANAT» фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша,  жаңа құжатта халықты толғандырған өзекті мәселелердің нақты шешімі бар.

«Президент Жолдауында тұрғындардытолғандырғанөзекті мәселелердің нақты шешімін айтылды. Осы орайда, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары берілген тапсырмаларды орындау бойынша тиісті жұмысты бастап кетті. Президент, әсіресе әлеуметтік мәселелер бойынша маңызды тапсырмалар жүктеді. Мәселен, Жолдауда бала құқығын қорғау мәселесіне ерекше мән берілді. Бұл – расымен де аса маңызды мәселе. Сондықтан, батыл шешім қабылдап, арнайы заң әзірлеу қажет деп санаймын», –деді халық қалаулысы.

Оның айтуынша, кәмелетке толмағандарғазорлық-зомбылық жасаған тұлғаларға, бүлдіршіндерге жәбір көрсеткен азаматтарға тағайындалатын жазаны қатаңдату қажет. Сондай-ақ, жазғы лагерлерге, балаларға арналған орталықтарға қойылатын талапты күшейту керек.

«Президент цифрлық экономиканың хал-ахуалына да арнайы тоқталды. Айталық, «Яндекс такси», «Glovo» сынды платформаларда 500 мыңнан астам азамат жұмыс істейді. Алайда, олардың еңбек құқығы реттелмей, лайықты қорғалмай отыр. Осы мәселені шешу мақсатында, комитет депутаттарымен бірге тиісті заң жобасын әзірлеп, қабылдауды көздеп отырмыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Депутаттың айтуынша, отандастарымызды алаңдататын тағы бір маңызды мәселе – мемлекеттік сатып алу. Соның кесірінен биыл 80-нен астам мектеп бала қабылдауға дайын болмай отыр.

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңда шикілік бар. Соған байланысты, жалғыз мектеп емес, жол, тұрғын үй құрылысы тежеледі. Бұған дейін, аталған заңға бірқатар түзету енгізіп, Үкіметке жолдаған едік. Алайда тиісті қорытынды мен қолдау болмады. Ал енді Мемлекет басшысы тапсырма беріп отырған соң, мәселе түпкі шешімін табады деген ойдамын», – деді ол.