$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды

AstanaTV
05.09.2023ж. 12:07
Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарып келген Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 5 қыркүйекте қол қойды.

"Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген Ақорданың ресми сайты жариялаған құжатта.