$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Иракта автобус апатқа ұшырап, қажылыққа бара жатқан 10 адам қаза тапты

AstanaTV
05.09.2023ж. 16:42
746
Иракта автобус апатқа ұшырап, қажылыққа бара жатқан 10 адам қаза тапты

Ирактың оңтүстігіндегі Басра қаласы маңында екі автобус апатқа ұшырап, кем дегенде 10 қаза тапты.

Жергілікті Mehr агенттігінің мәліметінше, олардың бәрі қажылыққа бара жатқан ирандық жолаушылар болған.

«Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілі дүйсенбі күні кешке қажылар мінген екі автобустың соқтығысқанын айтты. Кем дегенде үш адам жарақат алды. Зардап шеккендер жол апаты салдарынан жарақат алмаған тоғыз адаммен бірге Иранға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Агенттік оқиғаның себептері туралы ақпаратты жарияламады.