$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Қызылордада саяжайдағы тұрғын үйден ер адамның мәйіті табылды

AstanaTV
05.09.2023ж. 19:05
640
Қызылордада саяжайдағы тұрғын үйден ер адамның мәйіті табылды

Қызылорда қаласындағы саяжайлардың біріндегі тұрғын үйден 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Полицияға тұрғын үйдің бірінде бірнеше пышақ жарақатын алған 57 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабар түскен.

«Адам өліміне қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындар ұсталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада канал жағасына егілген екі есірткі алқабы анықталды.