Қостанайда полиция қызметкерлері заңсыз ойын бизнесінің жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қостанай облысы ПД өкілдері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен ұйымның ойын бизнесі саласындағы қызметінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізілді.
Басқарма бастығы Серік Байгоновтың айтуынша, құмар ойын үшін жалдамалы сауналардың ішінде бөлек бөлме пайдаланылған. Ол үшін фишкалар, карталар, сүйектер, ұялы телефондар қолданылған.
Арнайы операция барысында 9 адам ұсталып, заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазір полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.