$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҚО-да ер адам ішімдік ішкен досына оқ атқан: 2 жасар бала зардап шекті

AstanaTV
06.09.2023ж. 12:46
1009
БҚО-да ер адам ішімдік ішкен досына оқ атқан: 2 жасар бала зардап шекті

Батыс Қазақстан облысында ер адам ішімдік ішкен досына оқ атқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

5 қыркүйекте сағат 18:45 шамасында Сырым ауданы Аралтөбе кентінде екі ер адам ішімдік ішкен. Кейін екеуінің арасында жанжал туып, 48 жастағы ер адам бұзақылық ниетпен 34 жастағы тұрғынға аңшылық мылтықтан оқ атқан.

Салдарынан патронның бөліктері өтіп бара жатқан әйел мен баланың аяғына тиген.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті анықталды.

Қазір қылмыскерді ұстау бойынша барлық шара қабылданып жатыр.