Бразилияның оңтүстік аймақтарында болған экстратропикалық циклон әсерінен кем дегенде 22 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы жергілікті басылымдарға сілтеме жасап O Globo газеті хабарлады.
«Рио-Гранди-ду-Сул штатында 21 адам, көршілес Санта-Катаринада тағы 1 адам табиғи апаттың құрбаны болды. Олардың арасында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан құтқарушы да бар», - делінген хабарламада.
Нақтыланғандай, кей жерлерде нөсер жаңбыр салдарынан өзендердегі су деңгейі 20 метрге көтеріліп, ауқымды су тасқынына әкеп соққан.