Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Сенсіз 11 ай өтті": шетінеген ұлын еске алған Әсел Асқар көпшілікті жылатты

AstanaTV
06.09.2023ж. 14:09
682
"Сенсіз 11 ай өтті": шетінеген ұлын еске алған Әсел Асқар көпшілікті жылатты

Актриса Әсел Асқардың былтырғы жылы кенже ұлы ауыр дертке шалдығып, шетінеп кеткен болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында сәбиінен айырылғанына 11 ай өткенін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сенсіз 11 ай өтті. Қазір саған арналған ән ғана мені жұбатып, жылатады. Аяғым ауыр кезде, ақ түспен әдемі фотосессия жасап едім. Осылайша жүктілігімнің әдемі кезеңін көрсеткім келді. Ал арада екі жыл өткенде, жоқтаудың белгісі ретінде фотосессияға қара түсті таңдадым. Бұл жолы фотосессия сенсіз өтпекші... Не үшін деп сұрарсыздар. Жай ғана жан дүнием осыны қалады", - деп жазды Әсел Асқар.

Айта кетейік, былтырғы жылдың қазанында Әсел Асқардың жансақтау бөлімінде жатқан ұлы шетінеп кетті.

Желі қолданушылары актрисаның қайғысына ортақтасып, видеодан соң жылап алғанын жеткізді.

"Бауыр еті балаңнан айырылу оңай емес", "Бекем болыңыз", "Жылап отырмын", "Берік болыңыз", "Бұл қайғы ешқашан жазылмайды", "Алла Тағала баламен сынамасыншы", "Уақыт не деген жылдам",  "Осы өлеңді тыңдаған сайын жылаймын", - деп жазды желідегілер.