Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Жолдауды жүзеге асыру үшін қоғамдық талқылаудың маңызы зор", - депутат

06.09.2023ж. 20:00
582
"Жолдауды жүзеге асыру үшін  қоғамдық талқылаудың маңызы зор", - депутат

Президент Жолдауын жүзеге асыру үшін қоғамдық талқылаудың маңызы зор. Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен «BIR TOLQYNDA» дискуссия алаңында осылай деді. Пікірталас алаңына жиналғандар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын жан-жақты талқылап, оның ішінде жастарға қолдау көрсету тақырыбына қатысты ой бөлісті.

Жарқынбек АМАНТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жолдауды біз орындау үшін, алдымен біз оны түсініп, нақты бағыт-бағдарымызды айқындап алуымыз керек. Ал оны түсінуде, оны талдауда, оны талқылауда жастармен кездесудің маңызы өте зор. Өйткені, жастар қай қоғамның болса да қозғаушы күші - ол белсенді жастар.

 Дәстүрлі диалог алаңы еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр. Әр саланың мамандары жастармен кездесіп, Жолдаудың маңызын түсіндіріп, студенттердің пікірін тыңдауда.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бастысы оны талқылап қана қоймай оны іске асыру бойынша жастардың тарапынан қандай ұтымды механизмдер мен шешу жолдары ұсынылады. Сол бойынша нақты жоспарды белгілеп, нақты келісімге келу, мәмілеге келу біздің диалогтық қоғамның негізгі мақсаты.