Әнші Абай Бегей үлкен үш қызымен видео түсіріп, көпшілікті қуантты. Өнер иесі алғашқы некесінен туған қыздарын еркелеткен сәтті Instagram парақшасына жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бүгінде екінші рет шаңырақ көтерген әншінің жетінші баласы биыл дүниеге келді. Өнер иесінің қазіргі жұбайы Фариза осыған дейін төрт балалы әншіге қалай тұрмысқа шыққанын және балалардың өзіне аманат екенін айтқан болатын.
Ал видеода Абай Бегейдің тұрмыстағы үлкен қызы мен екі ортаншы қызын еркелетіп, әрқайсысымен билеп шыққанын көруге болады. Желі қолданушылары қыздарын әкелік махаббатына бөлеген әншіге ризашылық білдіріп, жарыса пікір жазды.
"Менің әкем жақсы адам деген сөз сізге арналған", "Қандай әдемі", "Қыздарыңыз аман болсын", "Алла бақ берсін", "Әке болса, сіздей болсын", "Отбасыңызбен бақытты да, ұзақ ғұмыр кешіңіз", - деп жазды желідегілер.