Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстанда 6 докторанттың диссертациясынан плагиат анықталды

AstanaTV
06.09.2023ж. 19:46
303
Қазақстанда 6 докторанттың диссертациясынан плагиат анықталды

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық ғылым академиясы құрамындағы саладан тыс мамандардан арылу жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жұртшылығымен кездесуде: «Ғылым академиясы ғылымға мүлдем қатысы жоқ адамдардан арылуы керек», - деп мәлімдеген еді.

Осыған байланысты біздің редакция министрлікке «Еңбектері плагиат, еш ғылыми жаңалығы жоқ диссертация жазған «докторлар» әшкереленді ме?», деп сауал жолдады.

Бұған ведомстводан былай жауап берді:

«Жұмыс қорғауға қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңес докторанттың отандық және халықаралық деректер базалары бойынша плагиатты пайдалануын тексеру үшін диссертацияны «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамына жібереді.
Ал орталық диссертация түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оның мәтінін ашық қолжетімді түрде өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Кез келген ғалым танысып, оған өзінің пікірін білдіруге құқылы. Сондай-ақ ашық түрде қорғаудан өтіп, комитеттің қарауына келіп түскен диссертациялық жұмысты сараптау кеңесінің мүшелері тексереді. Сараптау кеңесінің тексеруі нәтижесінде соңғы 2 жылда 6 диссертациялық жұмыстан плагиат анықталып, докторанттар қайта қорғау құқығынан айырылды».