$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Құдай сақтап қалды": Жамбыл облысында 5 сынып оқушысы кәріз құдығына түсіп кетті

AstanaTV
07.09.2023ж. 09:41
580
"Құдай сақтап қалды": Жамбыл облысында 5 сынып оқушысы кәріз құдығына түсіп кетті

Жамбыл облысы Аса ауылында мектеп оқушысы ашық жатқан кәріз құдығына түсіп кетті. Баланы ауыл тұрғындары құтқарып алды. Оқушының киімімен қоса оқулықтары да су болған. Денсаулығына зақым келмеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған жағдай әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінен белгілі болды. Видеоны түсірген әйел баланың шошынып қалғанын айтады.

"Әуезов көшесіндегі ашық жатқан кәріз құдығына бала түсіп кетті. Ауыл тұрғындары құтқарып қалды, байқамаса мына балаға не болар еді. Құдай сақтап қалды. Шошынып қалған. Кәріз құдығының іші толған су", - дейді автор.

Бұл жағдайға байланысты Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы пікір білдірді.

"Оқиға 5 қыркүйекте болған. "Кешкі уақытта Аса ауылындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Әуезов көшесінің бойындағы ашық кәріз құдығына түсіп кеткен. Баланы ауыл тұрғындары шығарып алған. Анасы екеуі дәрігерге қаралған. Баланың денсаулығына еш зақым келмеген. Дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылған. Оқиға салдарынан оқушының су болған оқулықтары мектеп тарапынан қайта қалпына келтірілді. Қазіргі таңда кәріз құдығы жабық", - дейді білім басқармасының өкілі.