Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

AstanaTV
07.09.2023ж. 10:15
470
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.


«Президент жеделхатында Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы маңызды әрі сенімді серіктесі екеніне назар аударып, дәстүрлі достық рухындағы ынтымақтастықтың ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті», - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы өзара байланыстың нығая түсетініне сенім білдіріп, Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, барша Бразилия халқына құт-береке тіледі.