Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Әкесінің туыстарында болған". Талдықорғанда ұрланған 8 айлық сәби табылды

AstanaTV
07.09.2023ж. 15:58
589
"Әкесінің туыстарында болған". Талдықорғанда ұрланған 8 айлық сәби табылды

Талдықорғанда ұрланған 8 айлық сәби табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жетісу облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, сәби Талдықорғанда жеке секторда тұратын әкесінің туыстарынан табылған. Қазір сәби анасының жанында, әйел баласын табуға көмектескен қызметкерлерге шын жүректен алғысын білдірді.

"Нәрестенің болашақ тағдырын қорғаншылық және сот органдарының өкілдері шешеді. Баланың әкесі сот шешіміне сәйкес әкімшілік қамауда", - делінген хабарламада.