$488.45 €529.19 ₽5.04
×

"Қарызсыз қоғам" жобасы халықтың сауатын арттыруға бағытталған

07.09.2023ж. 20:00
1030
"Қарызсыз қоғам" жобасы халықтың сауатын арттыруға бағытталған

Павлодарда Жетекші ауылында жаңадан салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысы тоқтап қалды. Бұған мердігердің жұмысшылардың жалақысын уақытылы төлемеуі себеп болған. Қарыз 24 млн теңгеге жуықтаған. Ауылдағы су құбыры да бас ауруға айналды. 3 жылдан бері бітпей тұр. Мәселенің мән-жайымен өңірге арнайы келген «AMANAT» партиясы орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов танысты.

Жетекші ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы былтыр басталған. Келер жылы көктемде пайдалануға берілуі керек. Алайда, құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Бас мердігер жұмысшыларға жалақы төлемей қойған. Қызметкерлер алдындағы қарызы 24 млн теңгеге жетті.

Айгүл МӘЛІКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бүгінгі таңда бас мердігер 30 пайыз 130 млн алса, субподрячикке 30 млн-дай ғана қаражат бөлген болатын. Бүгінгі таңда су подряд өз жұмыстарын толық орындай алмай, жұмыскерлерге жалақысын төлей алмай отыр.

Жұмысын дұрыс атқармаған мердігерді қалалық құрылыс бөлімі сотқа беретін болды. Ал осы ауылдағы су құбыры 3 жылдан бері бітер емес. Жоспар бойынша өткен жылы іске қосылуы керек. Десе де, мердігер 15 қазанға дейін барлық жұмысты аяқтаймыз - деп отыр.

Айгүл МӘЛІКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бірақ, көріп тұрмыз әлі көптеген жұмыстар бар. Әрине, партияластармен бірге су құбырының іске асуын қадағалауға аламыз.

Сапар аясында «AMANAT» партиясы орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов облыстық филиалдың есеп беру жиынына да қатысты. Кездесуде Мемлекет басшысының биылғы жолдауында айтылған өзекті мәселелер талқыланды.

Мәди ОСПАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жаңа өнеркәсіптік саясат еліміздің ең ірі индустриялық аймақтарының бірі - Павлодар облысының дамуына жаңа серпін береді. Біріншіден, ол «Қарызсыз қоғам» жобасы. Бұл жоба халықтың сауатын арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысы осы жобаны кеңейтіп, Павлодар облысында да осы жоба іске асырылатын болады.

Өңірде «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 1,5 млрд теңге игерілген. Ал «Жер Аманаты» арқылы бос жатқан 380 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылмақ.