Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Бурабайдағы ірі қонақ үйдің 17 қызметкері ауруханаға түсті

AstanaTV
07.09.2023ж. 23:06
709
Бурабайдағы ірі қонақ үйдің 17 қызметкері ауруханаға түсті

Бурабайдағы қонақ үйлердің бірінде қызметкерлер арасында бактериялық ішек инфекциясының 17 жағдайы тіркелген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Инфекцияны жұқтырған 17 науқастың тоғызы Көкшетау қалалық жұқпалы аурулар орталығына жатқызылған, қалғандары амбулаториялық жағдайда емделуде, жағдайлары қанағаттанарлық.

"Бурабай санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қонақүйдің мейрамханасында жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр. Зертханалық зерттеуге су, азық-түлік өнімдері мен жуғыш заттардан сынама алынды, қызметкерлер тексерілді. Барлық сынама бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда", - деп хабарлайды Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.