$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Қасым-Жомарт Тоқаев SINOPEC корпорациясының басшысын қабылдады

AstanaTV
08.09.2023ж. 12:31
610
Қасым-Жомарт Тоқаев SINOPEC корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев SINOPEC корпорациясының басшысы Юй Баоцайды қабылдады.

Мемлекет басшысына SINOPEC компаниясының еліміздегі қызметінің қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Әңгімелесу барысында геологиялық барлау және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Президент отандық компаниялардың SINOPEC корпорациясымен өзара іс-әрекеті Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және химия салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде су үнемдейтін технологияларды енгізу маңызды екеніне назар аударды.