Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Қарағандыда бір әулеттің 9 баласы бірдей шахтер болып жұмыс істейді

08.09.2023ж. 20:00
661
Қарағандыда бір әулеттің 9 баласы бірдей шахтер болып жұмыс істейді

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында ерекше кеншілер отбасы тұрады. Таң қаларлығы, бір әулеттің 9 баласы бірдей шахтада еңбек етеді. Бүкіл ғұмырларын кен қазуға арнаған кеншілер әулетіне тілшіміз Айжан Қуаш барды.

Қанат Мұстафин шамамен 700 метр тереңдікке түсіп барады. Қауіпті, әрі жауапкершілігі мол кәсіпті ұнатады. Ағайындылар бір шахтада көмір қазғанмен ешқашан бір бригадада жұмыс істеп көрмепті. Өйткені кен орнында туыстардың әр түрлі жерде болуы шарт.

ҚАНАТ МҰСТАФИН, КЕНШІ:

“Ойын қылып айтамыз, бір бригада жинау керек еді деп. Әрқайсымыз әр учаскеде жұмыс істейміз. Екі балам Ардақ, Арман учаскеде істейді. Тағы күйеубалаларым істейді бізбен бірге”.

Қанат Мұстафин - қазір әулеттің басшысы. 4 ұлдың үлкені, ағасы қайтыс болған. Кеншінің үш ұлы бірдей шахтер мамандығын таңдапты. Еңбекқор, ұйымшыл, бауырмал орта өздеріне қатты ұнайтынын айтады.

АРДАҚ МҰСТАФИН, КЕНШІ:

“ Кіріп істеген соң, коллективпен тіл табысып кетесің. Даже выходнойда біз жаңағы бірге істейтін звеноларымыз, уже дос болғаннан кейін, мысалы оның үйінде көмек керек болады оған барамыз. Өте ұйымшыл”.

Әулеттің әкесі Қазақстан Мұстафин ақсақал соғыстан кейінгі жылдары жер астында еңбек еткен. Кейін 4 ұлы да әке жолын қуды. Бір қызығы, Қазақстан қарияның балалары түгелдей «Қазақстан» шахтасына жұмысқа тұрған. Қазір немерелерін қосқанда 9 адам шахтер.

АРМАН ҚАЗАҚСТАН, КЕНШІ:

«Қазақстан» шахтасында істеймін ғой. Фамилиям Қазақстан болған соң бірге жұмыс істейтін жігіттер айтады, сен простой рабочий болып жүре бермейсің ғой, сен мұндай фамилиямен директор болу керексің деп. Әрі қарай ойлап отырмын, әйелімді де мүмкін шахтаның бір жеріне жұмысқа кіргізсем деп. Чтобы семейный династия полноценный болсын деп. Алла жазса мүмкін балаларымыз да баратын шығар.

Әзірге «Қазақстан» шахтасында үлкен әулеттің 9 баласы еңбек етеді. Жиендері мен күйеубалалары да осында. Еңбекқор әулеттің ұлдарын бүкіл ұжым сыйлайды.