Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Жұмыс берушілер еңбек құқықтарын қорғау талаптарын орындауға құлықсыз" – депутат

08.09.2023ж. 20:00
465
"Жұмыс берушілер еңбек құқықтарын қорғау талаптарын орындауға құлықсыз" – депутат

Жұмыс берушілер еңбек құқықтарын қорғау талаптарын орындауға құлықсыз. Бұл туралы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауын жүзеге асыру шараларын талқылаған «AMANAT» партиялық бақылау комитетінің отырысында айтылды. Іс-шараға партия Хатшысы Ержан Жылқыбаев, Мәжіліс депутаттары, өңірлік және аумақтық партиялық бақылау комиссияларының төрағалары мен мүшелері қатысты. Комитет мүшесі, Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева Президенттің мемлекеттік сатып алу жүйесін жаңғырту және отандық өндірушілерді қорғау жөніндегі тапсырмасына назар аударды. Сондай-ақ, депутат Мемлекет басшысы өз Жолдауында салалық цифрландыруға баса назар аударғанын айтты. Жалпы, цифрландыру бойынша еліміздің белгілі бір деңгейде жетістіктері болғанымен, нақты салаларда проблемалар бар деді.

Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сапалы дерек пен дәйек ұсыну кезінде әдетте жергілікті деңгейде жағдай бұрмаланады. Ешкім ашықтықты қаламайтындықтан осындай олқылыққа жол беріледі. Себебі бұл сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа «кедергі» келтіреді ғой. Салалық мәселелер есептегіштерді орнатудан бастап мәліметтер базасын жүргізуге дейін тоқтап тұр. Президент айтқан еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне келсек, жұмыс берушілер көбінесе Еңбек кодексінің талаптарын орындауға құлықсыз. Еңбек қауіпсіздігін де партиялық бақылауға алу қажет.