Елімізде соңғы 3 жылда терроризімге қарсы қауіпсіздік мәселесі күшейіп келеді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Ермек Сағымбаевтың қатысуымен өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңесінің 40-шы отырысында айтылды. Елімізде жыл сайын кем дегенде екі лаңкестік әрекеттің алды алынады. Мәселен, биыл ғана дайындықтың бастапқы кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қолдан жасалған жарылғыш затты жару әрекетінің, сондай-ақ Астанадағы адам көп жиналатын орындарда қарулы шабуылдың жолы кесілген. Бұдан өзге, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерде де лаңкестік шабуылдың күрт өсуі байқалады. Соңғы үш жылдың өзінде террористердің қолынан 400-ден астам бейбіт азамат қаза тауып, 940-қа жуық адам жарақат алған.
Руслан СЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы үш жылда Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттерінде кем дегенде 80 резонанстық лаңкестік шабуыл жасалды. Биыл олардың күрт өсуі байқалады. Егер 2022 жылы 18 лаңкестік шабуыл болса, 2023 жылы 47 болды. Күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарына күш қолдану әрекеттерінің жолын кесу үшін 300-ден астам терроризмге қарсы операциялар жүргізілді. 1 600 террорист пен олардың көмекшілері ұсталды. Билікке қарсылық көрсеткен 60-қа жуық қылмыскер қамалды.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы да тероризм мен экстремизм қаупі белең алған. Руслан Сейсембаевтың айтуынша, тек биылдың өзінде Қазақстанда деструктивті қауымдастықтардағы жастар арасынан 80 мыңға жуық желі пайдаланушысы анықталған. Олардың ішінде 6 мыңға жуығы 18 жасқа толмаған.
Руслан СЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Халықты радикалдандырудың тағы бір маңызды факторы - терроризмді интернет арқылы насихаттау. Интернетті қолданушылардың белсенділігі терроризм мен экстремизм идеологтерінің үгіт-насихат жұмысын жүргізуге жағдай жасап отыр.