Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елімізде қан донорларына берілетін өтемақы мөлшері артуы мүмкін

08.09.2023ж. 20:00
426
Елімізде қан донорларына берілетін өтемақы мөлшері артуы мүмкін

Еліміздегі қан орталықтарында донор тапшы. Белсенділік бәсең. 1000 адамға шаққанда 13-14 донор ғана екен. Бұл өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда аз. Оған не себеп? Қан берушілерді көбейту үшін қайтпек керек? Бекболат Сатуов сала мамандарынан сұрады.

Манас Ескендіров екінші рет қан тапсырды. Енді тұрақты донор болмақ. "Өзгеге пайдаң тиеді, өз денсаулығыңда жақсарады" дейді.

 Манас ЕСКЕНДІРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Алдында жәй қан тапсырғам. Қазір тромбациттер тапсырып жатырмын. Менің ойымша жиі тапсырып көмектесіп тұрған дұрыс деп ойлаймын. Себебі әр адам өйстіп келіп тапсырып тұрса, бір адамның өмірін құтқарып қалуы мүмкін.

Дегенмен Манас секілді ерікті түрде донор болуға келушілердің қатары көп емес. Себебі бұған тұрғындардың пікірі әр қалай.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Қан тапсырам керек кезінде. Адамға көмек беру керекқой негізінде.
- Қан тапсырған емеспін өзім.
- Мен тапсырмаймын менде анемия.
- Маңызды әрбір адам көмектесуге. Адамға тапсырып көмек беруге.

Елордадағы трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына күнделікті донорлар келіп қан тапсырады. Төленетін қаржы 0,25 АЕК ғана екен. Яғни бар-жоғы 800 теңге. Ал кей жағдайларда ғана донорларға 1 АЕК көлемінде қаржы беріледі.

Айгерім САҒАМБАЕВА, ДОНОР КАДРЛАРЫН ЖИНАҚТАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Ақылылар бізде тек қана 111 бұйрық бойынша олар жедел жағдайда көбінесе теріс резусы бар донорларға төленеді. Өйткені бұлардың саны өте аз немесе түнгі уақыттарда, кейбір кезде бізде донорлар таңғы үштерде, бестерде өйткені біз міндетті түрде ауруханаларды қамтамасыз етіп оларға қанды жеткізу үшін біз сондай уақыттарда ақылы түрде донорларды шақырамыз.

Бүгінде қан донорларын ынталандыру үшін "Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін" белгісі беріледі. Алайда ол донорлардың белсенділігін арттыру үшін жеткіліксіз болып отыр. Сондықтанда қан донорларына берілетін өтемақы мөлшері өсуі мүмкін. Бұл өз кезегінде донорлардың әлеуметтік мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді дейді,-министрлік мәліметінде. Әзірге бұл мәселе ашық талқылау сатысында тұр.