$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Елімізде қызылша ауруы дендеп барады

AstanaTV
08.09.2023ж. 15:58
806
Елімізде қызылша ауруы дендеп барады

Қазақстанда қызылша ауруы дендеп барады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері аталған індетті 4825 адамның жұқтырғаны анықталды.

Ауырғандардың көбі бала. Науқастардың дені, ауруға қарсы екпе салдырмаған. Әсіресе, Алматы қаласында кеселді жұқтырғандар көбейіп барады. Онда жыл басынан бері 1217 адам қызылшамен тіркелген. Астана, Шымкен қалалары мен Жамбыл және Алматы облыстарында да, осы ауру дендеп тұр. Қызылша жылдам таралатын дерт. Ол миға, тыныс алу жолдары мен, өкпеге қатты зақым келтіреді. Мамандар қызылшаның жалғыз емі, вакцина екенін айтып отыр.

«Қазіргі жағдай біздің Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша қызылша ауруының өршігені байқалады. Күнтізбе бойынша 1 жас және мектепке баратын 6 жасында осы қызылшаға қарсы вакцина алауы керек. Егер 10 адамның ішінде 9 адам 90 пайызы вакцина алмаған болса ауырады», - деді Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің бас маманы Әсемгүл Абатова.