Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

AstanaTV
09.09.2023ж. 10:03
561
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонды және тәжік халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан ынтымақтастық жаңа мән-мазмұнға ие болды және байланыстарымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне толық сай келеді", - деп жазылған жеделхатта.

Президент бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қазақстан мен Тәжікстанның көпжақты қарым-қатынасы алдағы уақытта екі елдің игілігі мен мүддесі үшін нығая беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Тәжікстан халқына бақ-береке тіледі.