Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Анара Батырхан үнді азаматына күтпеген тосынсый жасады

AstanaTV
09.09.2023ж. 13:21
513
Анара Батырхан үнді азаматына күтпеген тосынсый жасады

Танымал актриса Анара Батырхан үнді жігітіне ерекше тосынсый жасады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Өнер иесінің айтуынша, үнді азаматы оның әндерін 5 жылдан бері тыңдайды екен. Осылайша, Анара Батырхан олардың қуанышына тосынсый болып барған.

"Бүгін бір ерекше той болды ағайын. Арнайы сюрприз ретінде осы кешке шақыртылдым! Америкада менің әндерімді сүйіп тыңдайтын Абхишек есімді үнді тыңдарманым бар екен. Мені 5 жылдың көлемінде қарап, тамсанып әйеліне айтады екен. "Үнді әндерін қарашы қалай шырқайды" деп.Сөйтіп ұлдары Яштың тұсау кесерін Қазақстанда жасайтын болғандықтан, әйелі Ақмарал мені тосынсый етіп осы кешке шақыртуды жөн көріпті! Шынымды айтсам, мен мұндай ұсынысты естігенде, бірден келістім, қуандым. Абхишектың қандай эмоцияда болғанын в живую көрсеңіздер ғой. Ұмытылмас кеш! Осындай дүние жүзінде менің тыңдарманым болғаны мені қатты қуантады", - дейді ол.