Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

US Open-2023 турнирі сенсациямен аяқталды: Кори Гауфф стадионды дүр сілкінтті

AstanaTV
10.09.2023ж. 10:03
364
US Open-2023 турнирі сенсациямен аяқталды: Кори Гауфф стадионды дүр сілкінтті

Америкалық Кори Гауфф (әлемнің алтыншы ракеткасы) US Open-2023 финалында Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы (әлемнің екінші ракеткасы) ұтып кетіп, турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гауфф өз мансабында алғаш рет теннистен АҚШ-тың ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.

Ойын 2:6, 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.

Кездесудің ұзақтығы 2 сағат 5 минутты құрады. Осы уақыт ішінде Гауфф екі эйс жасады, бес қос қателікке жол жіберді және тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті жүзеге асырды.

Соболенконың болса, төрт эйс орындап, алты қос қателікке жол берді және 10 брейк-пойнттың төртеуін орындай білді.

Турнирде жеңіске жеткен Гауфф 2000 рейтингтік ұпай және 3 миллион доллар жүлде алады. Соболенко өз кезегінде 1300 рейтингтік ұпай мен 1,5 миллион доллар жүлде қорына иелік етпек.