Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Футболдан Еуро-2024: Англия Украинамен тең ойнады

AstanaTV
10.09.2023ж. 12:05
379
Футболдан Еуро-2024: Англия Украинамен тең ойнады

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысының бесінші турындағы үшінші ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күнгі ойындардың бірінде Украина мен Англия құрамалары кездесті.

C тобында сынға түсіп жатқан қос құрама жеңіске жетуге күш салды. Англия бұған дейін төрт кездесуде де жеңіске жетіп, турнир кестесінде көш бастап тұрған еді. Ал Украина екінші орында келе жатқан болатын.

Кездесу барысында украиналық Александр Зинченко 26-минутта есеп ашса, оған Кайл Уолкер 41-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Аталған топтағы тағы бір кездесуде Солтүстік Македония мен Италия да 1:1 есебімен тең түсті.

Ал F тобында сырт алаңда Бельгия Әзербайжанды 1:0 есебімен тізе бүктірсе, Швеция Эстонияны 5:0 есебімен жеңді.

Сондай-ақ, I тобында Андорра мен Беларусь 0:0, Косово мен Швейцария 2:2, Румыния мен Израиль есебімен тең ойнады.