Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Астанада бірнеше автобус бағытын уақытша өзгертті

AstanaTV
10.09.2023ж. 23:14
471
Астанада бірнеше автобус бағытын уақытша өзгертті
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты сегіз автобус бағытының қозғалыс кестесі уақытша өзгертілді, деп хабарлайды City Transportation Systems Instagram-дағы ресми парақшасында.

"Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 1А, 24, 24Н, 30 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ CTS автобустардың өзгерген бағытының кестесін жариялады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын кептеліс туындамас үшін бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін астаналықтарға жөндеу жұмыстарына байланысты Сағадат Нұрмағамбетов көшесіндегі көлік жолдары бірнеше күнге жабылатыны хабарланған болатын.

10-15 қыркүйек аралығында Айнакөл көшесінен Қошқарбаев даңғылына дейінгі аумақта көліктердің қозғалысы толық шектелетіні айтылған.