$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Елімізде 654 ескі вагон жолаушы тасымалдап жүр

AstanaTV
11.09.2023ж. 17:59
548
Елімізде 654 ескі вагон жолаушы тасымалдап жүр

Ел аумағында қатынап жүрген 654 вагонның (32%) қолдану мерзімі 20 жыл және одан жоғары. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов мәлім етті.

«Бүгінде бізде қолданыста 2098 вагон бар. Біздің ескі вагондарға жиі-жиі сын айтылады, біз оны қабылдаймыз. Қатынап жүрген 654 вагонның (32%) қолдану мерзімі 20 жыл және одан жоғары. Бұл - ескі вагондар. Өткен жылы 256 ескі вагонды істен шығардық. Соңғы 10 жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі 50%-ға жаңартылды. Қауіпсіздік, жайлылық және экология талаптарына сәйкес заманауи халықаралық талаптарға жауап беретін 1200-ден астам вагон сатып алынды», - деді Жәнібек Тайжанов елордада жаңа вагондарды таныстыру барысында.

Сондай-ақ, спикер Үкіметтің қолдауымен жыл сайын пойыз вагондары жаңартылып жатқанын айтты.

«Қазір 654 ескі вагон бар. Олар әр бағытта қатынайды. Қалған вагондар бойынша 52% - бұл шамамен 1100 вагон 11 жылға дейін қолданылып келе жатыр. Қалған бөлігінің пайдаланылған мерзімі - 11-20 аралығында», - дейді ол.

Оның айтуынша, істен шыққан вагондардың пайдалану мерзімі 40 жыл және одан да көп болған.