$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Биыл Шардара, Мақтаарал, Созақ пен Бәйдібектің әкімін халық өзі сайлайды

AstanaTV
11.09.2023ж. 21:15
915
Биыл Шардара, Мақтаарал, Созақ пен Бәйдібектің әкімін халық өзі сайлайды

Түркістан облысында 4 ауданның әкімі сайланады. Бұл туралы сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясында шешім қабылданды.

Шардара, Мақтаарал, Созақ және Бәйдібек аудандарының әкімін сайлау 5 қарашаға белгіленіп отыр.

Бекітілген тәртіпке сәйкес аудан әкімі болуға ниетті үміткерлерді облыс басшысы және саяси партиялар ұсынады.

Додаға жекелеген азаматтар өз кандидатурасын ұсына алады.

Ол үшін үміткер тиісті әкімшілік аумақта тұратын сайлаушылардың кемінде бір пайыз қолын жинауы керек.

«Бұған дейін ауыл әкімдерін халық тікелей сайласа, биылдан бастап пилоттық жоба ретінде тұрғындар аудан әкімін де өздері таңдайды. Бұл науқан әкімдік қызметке кездейсоқ кадрлардың емес, халыққа жаны ашитын, елге қызмет ететін нағыз іскер азаматтардың келуіне ықпал етеді деп ойлаймын», - дейді облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай.