Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атағынан «айырылды»

AstanaTV
12.09.2023ж. 11:11
458
Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атағынан «айырылды»

ESPN телеарнасының сайты 2024 жылғы маусымда «Үлкен дулыға» сериясы турнирлерінде кім жеңімпаз атанатынына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресурс пікірінше, Australian Open-2024-тің ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сынында Карлос Алькарас пен Кори Гауфф жеңімпаз атанады. «Ролан Гаррос»-та Рафаэль Надаль мен Ига Швентек жеңіске жетеді. Уимблдон тұғырына Новак Джокович пен Онс Жабер шығады. US Open бас жүлдесін Бен Шелтон мен Арина Соболенко иеленеді.

ESPN 2024 жылғы «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атағын Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинадан «алып қойғанын» айта кетейік. Ол 2022 жылы Уимблдон турнирінде жеңіске жеткен болатын.