Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қарағанды облысында 2 мыңнан астам ірі қара бруцеллезге шалдыққан

12.09.2023ж. 20:00
588
Қарағанды облысында 2 мыңнан астам ірі қара  бруцеллезге шалдыққан

Қарағанды облысында 2 мыңнан астам ірі қара бруцеллезге шалдықты. Ол 6 қала, 7 ауданнан анықталды. Жағдай әсіресе Қарақаралы ауданының Мәди ауылында күрделі. Бұл туралы бүгін облыстық ветеринария басқармасының басшылығы мәлімдеді. Қазіргі таңда ауырған малдың көбі Мәди ауылында, қазірдің өзінде саны 159- ға жеткен. Бруцеллез сонымен қатар Шет, Бұқар жырау,Нұра, Ақтоғай аудандарының да бірнеше ауылынан шығып отыр. Бұл елдімекендерде санитарлық сауықтыру шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар малдың ет, сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынып санитарлық шектеу қойылды.

Қайырбек ТҰРСЫНБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Сүт өнімдері, ет өнімдері шығарылмайды. Тек қана ет өнімдері ветеринариялық- санитариялық сараптама дейді ғой , соның негізінде ғана сойысқа сойылады. егер характерный изменение керек болса кетеді 12 сағатқа тоңазытқышқа. Ал егер де болса тек қана ет цехтарына кетеді.

Айта кетейік бруцеллезге қарсы вакцина 2007 жылға дейін мемлекет қаржысына тегін салынатын. Қазір мал иелері өздері сатып алып екпе жасатуы керек. Бір дозасының құны шамамен 1300 теңге. Ауылдықтардың көбі малға вакцина еккізбеген. Салдарынан соңғы 8 айда Қарағанды облысында 19 адам бруцеллез дертіне шалдыққан. Алайда бұл науқастар ауруды қазір мал ауырырп жатқан санитарлық ошақтарда жұқтырған жоқ,- дейді мамандар. Дегенмен адам мен малға ортақ аурудан қатаң сақтануды ескертті.